Өзбекстанда аудан әкімі 3 мектеп директорын, 2 махалла төрағаларын ұрып соққан

Күні: 16:59, 29-10-2014.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Өзбекстанда мақта жинау нәтижесіне көңілі толмаған аудан әкімшілігінің бастығы мектеп директорлары мен махалла төрағаларын ұрып соққан, деп хабарлады өзбек БАҚ-тары.
«Барлық жиналыс адамдарды балағаттаумен, ұрып соғумен аяқталады. Оған ешкім қарсы келе алмайды, себебі оның жанында милиция бастығы мен прокурор тұрады», - делінген мақаладағы куәгердің сөзінде.  
Бұл ретте әкім мектеп директорлары мен фермерлерді және маххалла төрағаларын ұрып соққан дейді.
«Әкім кім, қанша мақта тапсырғанын оқып шығып, одан соң орындарынан мақта аз тапсырған «Шарк юлдузи» бірлестігінің фермерлерін көтеріп, қасына келіп, бірінен соң бірін төмпештей бастады. Кез келген жерінен ұра бастады, бұл ретте оларға тіл тигізіп және балағаттады. Келесі күні басқа бір жиында аудан басшысы екі мәхалла төрағалары мен үш мектеп директорын ұрды. Оған себеп болғаны олар мақта жинауға аз адам жібергені болыпты», - деп жазады басылым.


Жаңалықтармен бөлісу: