Өзбекстанда Гүлнара Каримоваға қатысты сот басталды

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримоваға қатысты сот Ташкентте басталды, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігінен (ӨзТАГ).
«Бүгін Ташкенттегі қылмыстық істер жөніндегі қалалық сотта Г.Каримоваға және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша сот тыңдалымы басталды», - деп хабарлады сәрсенбіде Өзбекстандағы Жоғары соттан.
Еске салсақ, 6 қаңтарда Өзбекстанның бас прокуратурасы Каримова мен басқаларға қатысты қылмыстық істі тексеруді аяқтады.
2015 жылдың тамызында Каримова бопсалаушылық және салық төлеуден жалтарғаны үшін бес жылға бос бостандығынан айырылған еді. Өзбекстан Каримованың 12 елдегі, соның ішінде Ресейдегі жалпы сомасы $1,5 млрд. астам болатын активтерін бұғаттады. 2019 жылдың наурызынан бері Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Ташкент облысы Зангиатинск ауданы №21 әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатыр.
2019 жылдың тамызында бас прокуратура Каримоваға қарсы мемлекет қаржысын жымқару және Өзбекстан мүддесіне қарамастан келісім жасау, сондай-ақ аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін бопсалау арқылы иемдену деректері бойынша жаңадан қылмыстық іс қозғады.

adimage