Өзбекстанда жеңіл көліктің жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан үш қазақстандық мерт болды

Күні: 15:14, 05-08-2019.

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Өзбекстанда жеңіл көліктің жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан үш қазақстандық мерт болды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«3 тамызда Навои облысы Нұрата ауданы Нұрата-Жизак-Фариш тас жолының 136 шақырымында Nexia көлігі қарсы жолға шығып кетіп, Isuzu жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлікте жүргізушімен бірге жеті адам болған, оның екеуі - кәмелетке толмағандар. Соқтығысу салдарынан оқиға орнында  Қазақстан Республикасының үш азаматы (1952, 2013 және 2016 жылы туылған) қайтыс болған», - деп хабарлады ҚР СІМ агенттік тілшісіне дүйсенбі күні.
Диломаттар нақтылағанда, Қазақстанның тағы үш азаматы ауыр жарақат алды, олар Нұрата ауданы Медициналық мекемесінің жан сақтау бөліміне жатқызылған.
«Бүгінгі таңда олардың барлығы есін жиды, бірақ жағдайлары ауыр. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккендер мен олардың туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр, байланыс орнатылған. Барлық қаза тапқан және зардап шеккен ҚР азаматтары Өзбекстан Ресубликасының тумасы және жерлесі болып шықты. Сондықтан ҚР қаза тапқан азаматтарын Өзбекстан аумағында жерлеу туралы туыстары шешім қабылдады», - деді СІМ.


Жаңалықтармен бөлісу: