Өзбекстанның үш азаматы Алматыда блокбекетті заңсыз айналып өтпек болғаны үшін ұсталды

Алматы. 31 наурыз. ҚазТАГ – Өзбекстанның үш азаматы Алматыда блокбекетті заңсыз айналып өтпек болғаны үшін ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
«Олар Бұрындай ықшамауданында орналасқан №3 бекетті айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Белгілі болғандай, олар Алматыға жұмыс іздеп келген. Айтуларынша, карантин туралы білмеген. Әрине, бұл жауапкершіліктен босатпайды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР ӘҚбК-нің 476 бабы бойынша (төтенше жағдай тәртібін бұзу) әкімшілік жауапқа тартты және олар әкімшілік қамауға алынды», - деді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ұлан Абулхаир сейсенбіде.

adimage