Өздерін Оралдағы емханалардың бірінің қызметкері болып таныстырған екі қыз бала азаматтарға дәрі-дәрмектер сатуда

Күні: 11:31, 04-04-2019.

Орал. 4 сәуір. ҚазТАГ - Өздерін Оралдағы емханалардың бірінің қызметкері болып таныстырған екі қыз бала азаматтарға дәрі-дәрмектер сатуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Құрметті біздің емделушілер, сіздерден мұқият болуларыңызды және өздерін біздің емхана қызметкерлері болып таныстырған екі қыз баланы үйлеріңізге кіргізбеулеріңізді сұраймыз. Өздерін медицина қызметкерлеріміз деп таныстырған олар азаматтарға физиоаппараттар мен медициналық дәрі-дәрмектер сатуда. Біздің емхана, біздің қызметкерлердің ешқандай аппарат, ешқандай дәрі-дәрмек сатпайтындарын, ол бойынша үйлерді араламайтынын, өз емделушілерін алдамайтындарын, ол арқылы ақша таппайтындарын ресми түрде мәлімдейміз», - делінген әлеуметтік желіде таратылған №1 емхана басшылығының хабарында.
Жоғарыда аталған жалған қызметкерлермен кездесіп қалған жағдайда емхана әкімшілігі бірден учаскелік медбикелерге немесе директордың қабылдау бөліміне хабарласуыңызды сұрайды.


Жаңалықтармен бөлісу: