Үздік жас қазақстандық сәулетшілер мен дизайнерлер Молдовадағы халықаралық конкурсқа қатысады

Күні: 13:21, 14-11-2018.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандық ЖОО үздік түлектері Кишиневте өтетін Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестиваліне қатысады, деп хабарлады конкурстың ұйымдастырушылары.
«2018 жылдың 16-17 қарашасында Молдованың Техникалық Университеті базасында (Молдова, Кишинев қ.) Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің VIII-Халықаралық фестивалі өтеді. Оны Қазақстан Бас Сәулет-Құрылыс академиясы (Қазақстан, Алматы қ.) ұйымдастырып жатыр, қосымша ұйымдастырушылар   Молдова техникалық университеті (Молдова, Кишинев қ), Түркі әлемінің сәулет және инженерлер одағы (Түркия, Ыстамбұл қ)», - делінген ҚазБСҚА хабарында.  
Бұл ретте атап өтілгендей, аталмыш фестиваль 2009 жылдан бері өткізіліп келеді және оның мақсаты – студенттердің кәсіби бағдарлануында ЖОО рөлін күшейту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар әзірлеу және болашағы бар түлектерді қолдау.  Фестиваль шетелде қазақстандық университеттің ұйымдастыруымен өткелі жатқан бірінші халықаралық шара болып табылады.  
ҚазБСҚА хабарлағандай, халықаралық фестивальге Қазақстан атынан сәулет-құрылыс және дизайнерлік мамандықтар бойынша республикалық көрме-байқауының жеңімпаздары қатысады.  


Жаңалықтармен бөлісу: