Үздік жоба: Қазақстанда «Абай» фильм-операсы түсіріледі

Күні: 18:46, 25-10-2019.

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Шолпан Елеусізова. Алматыда керемет мәдени жоба дайындалуда: тұңғыш рет қазақ киносының тарихында «Абай» фильм-операсы түсіріледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне идея авторы және сценарийдің қосалқы авторы Тұрар Жұбанов – композитор, Латиф Хамидимен бірге осы операны жазған Ахмет Жұбановтың немересі айтып берді. Либреттоны Мұхтар Әуезов жазған.
Фильм-операның түсіріліміне дайындық жұмыстары 2019 жыл бойы жүргізілуде. Бүгінгі таңда киносценарий, синопсис, күнтізбелік-қойылым жоспары, смета жазылып, Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығына жолданды. Питчиинг-жобаны қорғау-2019 жылдың 3-6 желтоқсаны аралығында өтеді.
«Алдын-ала айтар болсақ, осы мәдени жобасымен Қазақстан ұлттық фильмографиясында фильм-операсы бар әлем елдерінің жетілігіне кіретін болады. Бұл жанрды мюзиклмен, опереттамен шатастыруға болмайды. Бүгінгі таңда кеңестік «Князь Игорь», «Евгений Онегин», «Иоланта» және басқа да фильм-опералар белгілі, бірақ посткеңестік кеңістікте осындай күрделі жанрда кинокартиналар түсірілген жоқ. Фильм –операларымен АҚШ, Италия, Германия, Чехия, Австрия мақтана алады. Сондықтан Қазақстанда фильм-опера түсіру – ұлттықтан жоғары жоба» - деді Тұрар Жұбанов.


Жаңалықтармен бөлісу: