Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбырында апаттан кейін мұнай айдау жұмысы жанданды

Күні: 12:54, 05-06-2019.

Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбырында апаттан кейін мұнай айдау жұмысы жанданды, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» (ҚТО) АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 2 маусымында (Нұр-Сұлтан қаласының сағатымен) 22 сағат 14 минутта Маңғыстау облысындағы «Жетібай» мұнай айдау стансасының аумағындағы технологиялық құбыр разгерметизацияланып, салдарынан «ҚазТрансОйл» АҚ қарасты Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалы уақытша тоқтатылды. Оқиға салдарын жою үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты 12 арнайы техника жұмылдырылған. Мұнай тасымалы Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры бойынша 2019 жылдың 4 маусымында 01 сағат 12 минутта қалпына келтірілді», - делінген хабарда.
«ҚТО» атап өткендей, аталған мұнай құбырында жұмыс 26 сағат 58 минут бойы тоқтап тұрды.
«Қазіргі уақытта оқиға орын алған жерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Экологияға келтірілген залал есептелуде. Атап айту керек, оғиға орын алған жер тұрғын үй аудандарынан алыс орналасқан және «Жетібай» МАС аумағында. Қазіргі уақытта оқиғаның не бесепті орын алғаны анықталуда», - деді ҚТО.


Жаңалықтармен бөлісу: