«Зерде» ұлттық холдингінің атауы өзгертілмек

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ атауы өзгертілмек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ «Зерде» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып өзгертілсін», - делінген үкімет қаулысының жобасында.
Аталмыш холдингтің атауын өзгертуге байланысты бірқатар басқа да нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жоспарлануда.
«Қаулы жобасымен «Зерде» холдингіне ұлттық басқарушы холдинг статусын беру қарастырылған. Соған байланысты бұл технологиялық даму саласындағы ұлттық институттардың акциялар пакетін басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оның қызметі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 246 бабында қарастырылған», - деген цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев түсіндірме жазбасында.
Министрлер кабинеті қаулысының жобасы 2 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. 
«Зерде» ұлттық холдингі 2008 жылы Қазақстанда заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) дамыту үшін құрылған.

adimage