Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ - Зерделі ықшамауданындағы үйде қауіп төндірерліктей қисаю анықталмады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан 11-не қараған түні жайлы қалалық орта басқармасының мамандары №179 үй тұрғынының өтініші бойынша оқиға орнына барды. Сырттай қарағанда үйдің қауіп төндірерліктей қисаймағаны анықталды. (…) 11 желтоқсанда «Алматыбасжоспар» ҰЗИ мамандары үйге бұған дейін салынған белгіні нивелирлеу шарасын жүргізді. Оның нәтижесінде де қауіпті ауытқушылық байқалмады», - делінген сәрсенбіде Зерделі (бұрынғы Алғабас ықшамауданы) ықшамауданындағы жағдай бойынша хабарда.
Сондай-ақ, әкімдікте атап өткендей, Зерделі ықшамауданындағы аталмыш үйлер үнемі мамандардың бақылауында.
«Ай сайын әр үйге салынған «маяктарды» нивелирмен тексеру жүргізіледі. Соңғы рет нивелирлеу ағымдағы жылдың 12 қарашасында жүргізілді. Ауытқушылық байқалмады. Топырақ жағдайы зерттелгеннен кейін «ҚазҚСҒЗИ» мамандарының қорытындысы алынады, онда үйдің іргетасын нығайту бойынша ұсынымдар беріледі», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32