Жұлдыз Омарбекова ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Жұлдыз Омарбекова ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің сайтынан.  
«Үкімет қаулысымен Ж.Омарбекова ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.  
35 жасар Ж. Омарбекова 2013-2014 жылдары Алматының мәдениет басқармасының басшысы, басқарма басшысының м.а., 2014-2015 жылдары – Алматының Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды. 2016 жылдың мамырынан бастап қазіргі күнге дейін  «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

adimage