Жұмағалиев қорғаныс және аэроғарыш министрі болып тағайындалды

Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қорғаныс және аэроғарыш министір етіп тағайындады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», - делінген мемлекет басшысының жарлығындағы мәтінде.
Бұл қызметте А.Жұмағалиев сәрсенбі күні Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалған Бейбіт Атамқұловты ауыстырды.
А. Жұмағалиев 2017 жылдың тамызында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. Оған дейін ол «Қазатомпром» ҰАҚ АҚ басқармасының төрағасы болды.

adimage