Жұма күні Ақмола облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 наурызда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда 27 наурызда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сарапшылар нақтылағандай, дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі. 27-28 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 27 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. 27 наурызда тәулік бойы, 28 наурызда күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage