Жұма күні Ақтөбе және Атырау облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:01, 26-09-2019.

Астана 26 қыркүйек. ҚазТАГ - Жұма күні Ақтөбе және Атырау облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Ақтөбе облысында 27 қыркүйекке қараған түні кей жерлерде 3 градус аяз болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі», - делінген бейсенбідегі дауыл туралы ескертуде.
27 қыркүйекке қараған түні Атырау облысында кей жерлерде 2 градус аяз сақталады. Дауылдың ықтималдығы 95-100% деп бағаланады.


Жаңалықтармен бөлісу: