Жұма күні Атырау облысында қатты ыстық күтіледі, БҚО-да бұршақ жаууы мүмкін

Күні: 11:15, 28-06-2019.

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Атырау облысында жұма күні қатты ыстық болады, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 28 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
28 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 28 маусымда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: