Астана. 25 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Атырау облысында бұршақ жауады, қатты ыстық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 шілдеде Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Атырау қ.: 26 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
Жұма күні Атырау облысында бұршақ жауады, қатты ыстық болады
