«Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында
ШҚО, СҚО, сондай-ақ Абай облысында, Ақмола өңірінің солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында күн суытып, сынап бағаны -1-ден -6°С дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі»,- делінген хабарламада.
Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл өңірінің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын айтады.
«Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады»,- делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы, таңертең және түнде жаңбыр. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +16+18.
Алматыда күн құбылмалы, жауын- шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +23+25.
Шымкентте күн құбылмалы, жауын- шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +25+27.
Ақмола облысының оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауады. Күндіз + 15+20, түнде + 2+7.
Ұлытау облысында түнде батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр жауады. Күндіз + 17+22.
Қарағанды облысында түнде батыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр жауады. Күндіз + 14+19, түнде + 2+7.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Күндіз + 20+25, түнде + 3+8.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 22 + 27, түнде + 5+10.
Маңғыстау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 22+27, түнде +10 + 15.
Ақтөбе облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз + 19+24, түнде + 1+6.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 17+22, түнде + 2+7.
Солтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 16+21, түнде + 1+6.
Павлодар облысында күндіз батыста, оңтүстікте және шығыста аздаған жауын-шашын болады. Күндіз + 17+22, түнде + 2+7.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз батыста жаңбыр жауады. Күндіз + 20+25, түнде + 2+7.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 22 + 27, түнде + 7+12.
Жамбыл облысында тауларда жаңбыр жауады. Күндіз + 21+26, түнде + 11+16.
Алматы облысында да таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Күндіз + 22+27, түнде + 11+16.
Жетісу облысында күндіз тауларда жаңбыр жауады. Күндіз + 22 + 27, түнде + 5+10.
Фото көзі: unsplash.com