«Бүгін баяу жылжитын антициклон әсерінен еліміздің барлық аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды. Ел аумағы бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта түнде және таңертең тұман болады»,- делінген хабарламада.
Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
«Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар»,- делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз +17+19 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз +17+19 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын- шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12+14, күндіз +27+29 градус жылы.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 15+20, түнде + 2+7.
Ұлытау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 15+20, түнде + 5+10.
Қарағанды облысының солтүстігінде жауын-шашын аз. Күндіз + 10+15, түнде 0 + 5.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 25+30, түнде +10 + 15.
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 25+30, түнде +13 + 18.
Маңғыстау облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз + 28+33, түнде +18 + 23.
Ақтөбе облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз + 20+25, түнде + 10+15.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 20+25, түнде + 4+9.
Солтүстік Қазақстан облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 17+22, түнде + 5+10.
Павлодар облысында түнде батыста және солтүстікте жауын-шашын аз болады. Күндіз + 14+19, түнде + 3+8.
Абай облысында түнде солтүстікте және орталықта, күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта жаңбыр жауады. Күндіз + 12 + 17, түнде + 2+7.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр,шығысында қар жауады. Күндіз + 10+15, түнде + 3+8.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 23+28, түнде +11 + 16.
Түркістан облысында тауларда жаңбыр жауады. Күндіз + 25+30, түнде +10 + 15.
Жамбыл облысында күндіз найзағай тауларында. Күндіз + 18+23, түнде + 8+13.
Алматы облысында күндіз оңтүстікте тауларда жаңбыр жауады. Күндіз + 15+20, түнде + 5+10.
Жетісу облысында түнде шығыста аздаған жауын-шашын болады. Күндіз + 15+20, түнде + 1+6.
Фото көзі: freepik