Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Еліміздің орталық, солтүстік өңірлері ауқымды, салқын антициклонның ықпалында болады, соған байланысты салқын, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР қалған аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа рйаы күтіледі, жауын-шашынды, оңтүстік-шығысында қалың жауын-шашын түседі (жабыр, қар), оңтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. ҚР бойынша оңтүстігінде өте қатты шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батысында күн күркірейді, тұман сақталады», - делінген хабарда
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз +2+4.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан түнде 3-8, күндіз 5-10, екпіні 13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +10+12.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +21+23.
Ақмола облысында түнде солтүстігінде тұман түседі. Күндіз +1+6, түнде -7-12 (батысында -3).
Алматы облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында қалың жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), екпіні 30 м/с дейін және одан да күшті жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +2+7.
Жетісу облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында қалың жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), екпіні 30 м/с дейін және одан да күшті жел тұрады. Күндіз +4+9, түнде 0+5.
Түркістан облысында таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз +21+26 (солтүстігінде +17), түнде +10+15 (солтүстігінде +7).
Батыс Қазақстан облысында басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз +10+15, түнде +3+8.
Атырау облысында батысында, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Күндіз +13+18 (солтүстігніде +10), түнде +2+7.
Маңғыстау облысында батысында, орталығы мен оңтүстігінде күн күркірейді. Күндіз +18+22 (батысында +10+15), түнде +3+8 (солтүстік-шығысында 0).
Ақтөбе облысында батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз +15+20 (солтүстігінде +12), түнде 0+5 (батысында, оңтүстігінде +9).
Қостанай облысында түнде солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз +2+7 (оңтүстігінде +12+17), түнде -5-10 (оңтүстігінде 0).
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -4-9 (шығысында -12).
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -6-11.
Қарағанды облысында түнде солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз 0+5 (оңтүстігінде +8, солтүстік-шығысында -3), түнде -3-8 (шығысында -11).
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15 (оңтүстігінде +18), түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында екпіні 30 м/с және одан да жоғары күшті жел тұрады. Күндіз -2+3 (солтүстік-шығысында -5), түнде -7-12 (оңтүстігінде +5).
Абай облысында екпіні 30 м/с және одан да жоғары күшті жел тұрады. Күндіз -3+2 (оңтүстігінде +5), түнде -7-12 (оңтүстігінде -2).
Қызылорда облысында орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз +19+24 (оңтүстігінде +27), түнде +9+14.
Жамбыл облысында күндіз екпіні 30 м/с және одан да жоғары күшті жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде +3+8.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде, сондай-ақ жазықтық аумақтарда қардың қарқынды түрде еруі, ағын сулардың қалыптасуы, мұз қату құбылысының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жауын-шашын болжамына байланысты оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage