Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі

    Астана.2 маусым.ҚазТАГ- Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жырасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай мен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17°С, күндіз 33-35°С жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15°С, күндіз 27-29°С жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19°С, күндіз 32-34°С жылы болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында жауын- шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +8,+13.
Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +17+22.
Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады.

adimage