Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында аязды жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:28, 21-12-2018.

Астана. 21 желтоқсан. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында аязды жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады, жел күшейеді», - дейді синоптиктер.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік шығыстан соққан жел оңтүстік батысқа ауысады, секундына 7-12 метр. Температура түнде -28-30, күндіз -20-22.
Алматыда бұлтты, түнде және ертеңгісін қар жауады, тұман, көктайғақ. 2-7 м/с жел тұрады. Күндіз температура -2-4, түнде -6-8.
Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, 2-13 м/с жел тұұрады. Күндіз температура 0+2, түнде -9-11.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен сырма соғады, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Күндіз -2-7, түнде -7-12.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз температура -1+4, түнде -6-11.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -10-15.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Алматы облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -4-9
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз тұман күтіледі, көктайғақ, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -13-18, түнде -18-23.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде төменнен сырма соғады.
Ақмола облысында тұман түседі. Күндіз -20-25, түнде -25-30.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -2-3, түнде -5-10.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Ауа температурасы күндіз -10-15, түнде -17-22.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -12-17, түнде -21-26.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -15-20, түнде -23-28.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -14-19, түнде -19-24.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, күндіз -7-12, түнде -10-15.
«Алдағы күндерде республиканың шығысындағы және оңтүстік шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі, Қызылорда облысының өзенінде су бетінің салқындауы ары қарай жалғасады», - деп болжайды синоптиктер.





Жаңалықтармен бөлісу: