Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:39, 14-08-2020.

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік-шығыс бағытқа ауысатын Оңтүстік циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райыны сақтап тұрады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауылды жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі ғана жоғары қысым ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстігі мен орталығында тұман түседі», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +10+12.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады, найзағай кезінде 12 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +18+20.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +16+18.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +13+18.
Атырау облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +16+21.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +13+18.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +9+14.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +31+36, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +10+15.
Қостанай облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Қарағанды облысында жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +8+13.
Алматы облысында жауын-шашынсыз, түнде жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +16+21.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +18+23.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман түсуі мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +10+15.
«Алдағы тәулікте жаңбыр жаууына, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууына байланысты, республиканың шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумағында өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: