Астана. 9 қараша. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, шығысында кей жерлерде қатты, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Фронталдық бөліктердің өтуі себепті жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), шығысында кей жерлерде қатты. Кей жерлерде екпінді жел күтіледі, бұрқасын, тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін қар жауады, бұрқасын, солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін екпіні 15-20 м/с болады, ауа температурасы түнде және ертеңгісін -7-9, күндіз ары қарай төмендей береді. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынды, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы түнде 0 шамасында, күндіз +8+10.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде -7-12, -3+2, -8-13.
Қарағанды, Қостанай облыстарында қар жауады деп күтіледі, кей жерлерде тұман, бұрқасын, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 23-28 м/с, 0+5.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, Қостанай облысында кей жерлерде көктайғақ, -5-10, -5-10.
Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 25 м/с, және қар жауады, -7-12.
Алматы облысында кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, тұман, көктайғақ, +7+12.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел күтіледі, тұман, +5+10, +7+12. Бұл ретте Қызылорда өңірінде қар жауады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі, 3+8, +10+15. Бұл ретте Батыс Қазақстан өңірінде қар жауады.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, +7+12.
Атырау және Ақтөбе өңірлерінде жауын-шашын күтіледі, +4+9, +2+7.
Алдағы тәулікте Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда өңірлерінің шетіндегі Сырдария өзенінде су деңгейінің құбылуы күтіледі. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі, солтүстіктегі, орталық пен шығыстағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы байқалады.
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, шығысында кей жерлерде қатты
