«Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі»,- делінген хабарламада.
Астанада аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7+9, күндіз: +22+24.
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +8+10, күндіз: +21+23
Шымкентте аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +10+12, күндіз: +24+26.
Фото көзі: pixabay.com