Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ- Жұма күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Алдағы күндері ауа райына Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтитын антициклон әсер етеді. Сондықтан елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Кейбір өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді»,- делінген хабарламада.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 жылы.

Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +6+8 жылы.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +10+12.

Ақмола облысында жауын- шашынсыз. Күндіз +7+12, түнде -1-6.

Ұлытау облысында жауын- шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде -2-7.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде-2-7.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста жаңбыр жауады. Күндіз + 10+15, түнде 0-5.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 10+15, түнде -2 + 3.

Маңғыстау облысында түнде оңтүстікте жаңбыр жауады. Күндіз + 11+16, түнде 0 + 5.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 7+12, түнде 0-5.

Қостанай облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 7+12, түнде-1-6.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 8+13, түнде 0-5.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 7+12, түнде-2-7.

Абай облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз + 6+11, түнде-5-10.

Фото көзі: freepik


adimage