Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі және қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Жоғары қысым алаңының ықпалымен еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша тұман түседі, көктайғақ, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жел күшейеді. Солтүстігінде, орталысында – бұрқасын», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, кейде аздаған қар жауады, жаяу сырма соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5 шамасында.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -2-4, күндіз +3+5.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-шығыстан екпіні 3-8 м/с жел тұрады. Күндіз +1+3 және түнде -3-5.
Ақмола облысында қар, солтүстігі мен шығысында бұрқасын және тұман түседі. Күндіз және түнде -3-8.
Ұлытау облысында түнде солтүстігі мен шығысында қар, орталығында аздаған қар жауады. Күндіз солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар, жаяу сырма соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 және күндіз -3+2.
Қарағанды облысында түнде батысы мен шығысында қар жауады, солтүстігінде аздаған қар жауады. Күндіз солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар және жаяяу сырма соғады. Түнде және ертеңгісін оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз -3-8.
Батыс Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде қар, тұман және көктайғақ. Түнде ауа температурасы -7-12, күндіз -2-7.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -4-9, күндіз -4+1.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2+3, күндіз +2+7.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады және көктайғақ. Күндіз шығысында аздаған қар және көктайғақ. Түнде ауа температурасы -4-9, күндіз -2-7.
Қостанай облысында қар жауады, батысы мен шығысында көктайғақ, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -7-12, күндіз -2-7.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, батысында, солтүстігі мен шығысында бұрқасын және көктайғақ. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз -3-8.
Павлодар облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар жауады. Түнде ауа температурасы -11-16, күндіз -3-8.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -5-10, күндіз 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -2-7, түнде -12-17.
Қызылорда облысында орталығы мен шығысында аздаған жауын-шашынды, көктайғақ, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Түнде ауа температурасы -1-6, күндіз -2+3.
Түркістан облысында таулары мен тау маңы аудандарында аздаған қар жауады, оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, орталығында, таулары мен тау маңы аудандарында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1-6, күндіз 0+5.
Жамбыл облысында ертеңгісін және күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашынды (көбіне қар жауады) және тұман түседі, оңтүстігінде, таулары мен тау маңы аудандарында тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулары мен тау маңы аудандарында тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз +2+7.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін орталығында, таулары мен тау маңы аудандарында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -4-9, күндіз 0+5.
«Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің аздап құбылуы байқалады, кей өзендерде ары қарай мұз қату процесі жалғасады», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Қызылордада бір көпірді реконструкциялауға Т864 млн-нан астам қаражат жұмсамақ
17 Қаңтар 2025, 16:41 -
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады
17 Қаңтар 2025, 14:57