Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:05, 02-11-2018.

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі,  тек республиканың батысында және оңтүстігінде  ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде екпінді жел тұрады, тұман, көктайғақ, бұрқасын», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашынды (көбіне қар жауады), кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с, күндіз ауа температурасы 0 шамасында. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді
Алматыда бұлтты, түнде және ертеңгісін аздаған қар жауады, түнде тұман, көктайғақ, 0-5 м/с жел тұрады, күндіз +2+4.  
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, бұрқасын, басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді,  -2+3, 0+5.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде жауын-шашынды, тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, Ақмола облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді, -3+2, 0+5.
Павлодар облысында жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді, күндіз кей жерлерде төменнен сырма соғады, көктайғақ, -3+2.
Жамбыл, Шығыс Қазақстанда, түнде және ертеңгісін Алматы облысында кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, тұман,  көктайғақ, күндіз Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,
+1+6, -7-12, 0+5.
Түркістан, Қызылорда облыстарныда кей жерлерде тұман күтіледі, Түркістан облысында жауын-шашынды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, 0+5, +3+8.
Қарағанды облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, 0-5.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбеде жауын-шашынсыз, сәйкесінше,   +6+11, +7+12, +3+8, +2+7.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде  су деңгейінің құбылуы байқалады, республиканың солтүстігі мен шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы күтіледі.
    


Жаңалықтармен бөлісу: