Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:25, 21-06-2019.

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ғана атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, солтүстігінде дауыл тұрады, оңтүстігінде ашңды дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 7-12 м/с жел тұрып, солтүстік-батысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде +25+27.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +16+18.
Шымкентте бұлтты, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +17+19.
Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жауады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +10+15.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты найзағай болады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, дауыл, түнде кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +20+25, түнде +11+16.
Алматы облысында таулы жерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-21 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +16+21.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-21 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+36, түнде +17+22.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай, күндіз кей жерлерде 15-21 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай болады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +8+13.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +23+28, түнде +10+15.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық, сонымен қатар төтенше өрт қауіптілігі де сақталады. Күндіз +33+38, түнде +21+26.
Ақтөбе облысында күндіз қатты ыстық, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі де сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +15+20.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +31+36, түнде +20+25.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +15+20.
Түркістан облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +17+22.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, күндіз +22+27, түнде +7+12.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендердің гидрологиялық режимінде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: