Жұма күні Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның бүкіл аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтан қаласында аздаған бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +1+3.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Секундына 0-5 метр жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+20, түнде +5+7.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +9+11.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +21+26, түнде +7+12.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман түседі, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +17+22, түнде +5+10
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде топарық бетінің кей жерлерінде 1-3 градус үсік сақталады, шығысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +19 +24, түнде +2+7.
Алматы облысында жекелеген ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +17+22, түнде +4+9.
Атырау облысында кей жерлерде тұманкүтіледі. Күндіз +16+21, түнде +10+15.
Қарағанды облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +12+17, түнде -2-7.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, солтүстігінде төтенше өрт қауіптілгіі сақталады. Күндіз +11+16, түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +3+8.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +17+22, түнде +1+6.
Қостанай облысында да жауын-шашын болмайды. Күндіз +15+20, түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +14+19, түнде +3+8.
Ақмола облысында да күн ашық. Күндіз +13+18, түнде +1+6.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысындағы таулы өзендерде судың құбылуы байқалады. Жазық аумақтағы өзендердің гидрологиялық режимінде ешқандай өзгеріс күтілмейді», - дейді синоптиктер.


adimage