Жұма күні Қазақстанның басым облысында жауын-шашын күтіледі

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, оңтүстігі мен оңтүстік- батысында кей жерлерде жауын-шашынды, республиканың қалған аумағында қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстігі мен батысында - көктайғақ, Жамбыл облысында жаяу бұрқасын күтіледі», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -13-15, түнде -18-20.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -1-3, түнде -6-8.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кешке қарай жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады 8-13 м/с. Ауа температурасы күндіз +3+5, түнде -3-5.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -1-6.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, ертеңгісін және күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +3), түнде -10-15.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -1-6, түнде -8-13.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -10-15.
Ақмола облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -7-12, түнде -13-18.
Алматы облысында түнде кей жерлерде аздаған қар күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1-6, түнде -8-13.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -12-17.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -13-18, түнде –18-23.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -12-17, түнде -17-22 (оңтүстігінде -13).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -20-25.
«Алдағы күндері республиканың шығысындағы, оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейі құбылады, Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз кептелісі қалыптасуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


adimage