Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың кей жерлерінде жауын-шашын сақталады, қар және жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, оңтүстігі мен батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +9+11, түнде -1-3.
Алматыда күн бұлтты, түннің алғашқы жартысында жауын-шашынды (көбіне қар жауады), тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде -1+1.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде 0-2.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде 0-5.
Қостанай облысында жаңбыр жауады, жылымық қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14, түнде -1-6.
Алматы облысында күндіз жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде қар жауады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Ақмола облысында аздаған жаңбыр жауады, тұман күтіледі, түнде қар жаууы мүмкін. Күндіз +6+11, түнде -1-6
Солтүстік Қазақстан облысында аздаған жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -1-6.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +6+11, түнде 0-5.
Қарағанды облысында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, түнде қар жаууы мүмкін. Күндіз +5+10 (оңтүстігінде +15), түнде 0-5 (оңтүстігінде+3).
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде +1+6.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +12+17, түнде 0+5.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз шаңды дауыл соғады. Күндіз +10+15, түнде +3+8.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +12+17, түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
«Алдағы тәулікте Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы көптеген өзендерде су деңгейінің төмендеуі байқалады, жекелеген өзендерде мұз қату әлсірейді, су деңгейінің ары қарай көтерілуі мүмкін, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында су деңгейінің құбылуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage