Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Күні: 09:23, 28-06-2019.

Астана. 28 маусым. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы сақталады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл тұрады, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +19+21.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +33+35, түнде +20+22.
Шымкентте күн бұлтты, 3-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +34+36, түнде +20+22.
Түркістан облысында кей жерлерде найзағай, кей жерлерде дауыл күтіледі, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +18+23.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +5+10.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +5+10.
Павлодар облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-2+0 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +18+23, түнде +10+15.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +8+13.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Күндіз +23+28, түнде +13+18.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, кей жерлерде дауыл, 15-20 м/с жел соғады, күндіз +29+34, түнде +10+15.
Қызылорда облысында кей жерлерде аздаған найзағай болады, кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +20+25.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз қатты ыстық болады. басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде аздаған найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +20+25.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +19+24.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +18+23.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +8+13.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: