Жұма күні Қазақстанның барлық облысында жауын-шашын күтілуде

Астана. 22 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның барлық облысында жауын-шашын күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Қазақстандағы ауа райыны Оңтүстік циклон анықтайды, соның ықпалымен еліміздің басым аумағында қар жауады, орталығы мен шығысында кей жерлерде қалың қар жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынды, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар). Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді, шығысындағы, оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, аудандарда 30 м/с және одан да жоғары күшті жел тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, аздаған қар жауады, жжаяу сырма соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -25-27, күндіз -19-21.
Алматыда күн бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде 0-2, ары қарай салқындай береді.
Шымкентте күн бұлтты, қар жауады, ертеңгісін және күндіз қалың қар жауады. Ертеңгісін және күндіз бұрқасын. Оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жел тұрады, 15-20 жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болады. Күндіз -1-6, түнде -3-8.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болады. Күндіз 0-5 (солтүстігінде -12), түнде 0-5 (солтүстігінде -13-18).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары. Күндіз және түнде –3-8.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз және түнде -12-17 (шығысында -7).
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз 0+5, түнде -3+2.
Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -17-22, түнде -23-28.
Қостанай облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман. Күндіз -13-18 (солтүстігінде -21), түнде -23-28 (солтүстігінде -32).
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8 (түнде -11), солтүстігніде -15-20 (оңтүстігінде -12).
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -17-22, түнде -25-30.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, жаяу сырма соғады. Күндіз -15-20, түнде -18-23 (батысында -26, оңтүстігінде -13).
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -9-14 (оңтүстігінде -6), түнде -20-25 (оңтүстігінде -17).
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде көктайғақ. Күндіз –1-6 (солтүстігінде -9), түнде -13-18 (солтүстігінде -21).
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз 0+5 (солтүстігінде -5), түнде -5-10 (солтүстігінде -13-18).
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз -11-16 (оңтүстігінде -8), түнде -20-25.
«Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысының әлсіреуі күтіледі. Түркістан облысындағы өзендерде жауын-шашынның салдарынан, кей жерлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін, су деңгейі көтеріледі деп күтілуде », - деп ескертті синоптиктер

adimage