Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:16, 04-01-2019.

Астана. 4 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, соған байланысты жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. Шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -25-27, күндіз -15-17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы 0+2, түнде -6-8.
Шымкентте кейде аздаған қар жауады, 12 метр/секунд жел тұруы мүмкін. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді, түнде және ертеңісін кей жерлерде тұман. Күндіз -3+2, түнде -5-10
Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, арты аздаған қарға ұласады, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -4+1.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -8-13
Жамбыл облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде 0-5
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -12-17, өңірдің оңтүстігінде -7.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -8-13, түнде -17-22.
Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -2-7.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -25-30.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз-12-17, түнде -15-20.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -18-23, түнде -25-30.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кейй жерлерде тұман. Күндіз -12-17, түнде -18-23.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -18-23, түнде -25-30.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады, кйе жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -13-18, оңтүстігінде -10, түнде -23-28, оңтүстігінде -15.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік шығысындағы өзендерде мұз қату үрдісі күшейеді, Қызылорда облысының шетіндегі Сырдария өзенінде су деңгейінің құбылуы және көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: