Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 19 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысы мен шығысында ғана атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, шығысында дауыл тұрады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік -шығыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +15+17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +22+24.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +40+42, түнде +23+25.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде жел күшейеді, қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +20+25.
Қарағанды облысында кей жерлерде жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +24+29, түнде +12+17.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жел тұрады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады, қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +37+42, түнде +22+27.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде жел тұрады, қатты ыстық күтіледі, кей жерлерде өте қатты ыстық болады. Төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +24+29.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде жел тұрады, қатты ыстық болады. Күндіз +34+39, түнде +23+28.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел тұрады, кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Күндіз +28+33, түнде +17+22.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел тұрады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +26+31, түнде +15+30.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Алматы облысында күндіз қатты ыстық болады, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +19+24.
Түркістан облысында күндіз қатты ыстық күтіледі, кей жерлреде өте қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +37+42, түнде +20+25.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Күндіз +32+37, түнде +25+30.
Қостанай облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі. Ауа температурасы күндіз +29+34, түнде +16+21.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз + 26+31, түнде +13+18
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режимде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.

adimage