Жұма күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады деп күтілуде

Күні: 09:16, 25-01-2019.

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым аумағында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, фронталдық бөліктердің өтуіне орай қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман, солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрып, ол оңтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы түнде -28-30, күндіз -14-16 (-28, құтқару қызметінің болжамы бойынша).
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз 0+2.
Шымкентте бұлтты, 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+10, түнде -2-4.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -12-17.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман күтіледі, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -17-22.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -11-16, түнде -24-29.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын, 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12, түнде -8-13.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -15-20, түнде -17-22.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, төменнен бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -8-13 (оңтүстігінде -5), түнде -18-23 (оңтүстігінде -10-15).
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-22, түнде -23-28.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -17-22, түнде -30-35.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде -3-8.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -6-11.
Алматы облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -3-8.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз +3+8, түнде -4-9.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы көптеген өзендерде мұз қату құбылысы және оңтүстіктегі өзендердегі су деңгейінің құбылуы күшейеді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: