Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы ашық болады, солтүстігі мен шығысында жауын-шашынды болып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада жұма күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жауын жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз +10+12.
Алматыда ала бұлтты, жауын күтілмейді, батыстан 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +23°С болады.
Қостанай облысында кей жерлерінде жауын жауады, +3+8. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысының кей жерлерінде жауын жауады, таңертең кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз -3+2 және +2+7. Павлодар облысында кей жерлерінде жауын жауады, тұман түседі, +1+6.
Қарағанды облысында жауын жаумайды, +18. Шығыс Қазақстан облысында жауын жаумайды, кей жерлерінде тұман түседі, +8+13.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +19+24, +20+25, +23+28 және +23+28.
Маңғыстау, Атырау облысында жауын жаумайды, таңертең кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше, +16+21 және +19+24. Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын жауады, +15+20. Ақтөбе облысында кей жерлерінде жауын жауады, +14+19.
Қызылорда облысының аумағындағы Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан ағызатын су көлемінің азаюына байланысты су деңгейі азаяды.
Батыс Алтайдағы ШҚО өзендерінің көпшілігінде су деңгейі құбылып тұрады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысындағы өзендердегі гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Қатысты сілтемелер
-
Токаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады6 Маусым 2023, 17:11
-
Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді6 Маусым 2023, 17:06
-
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды6 Маусым 2023, 17:01
-
Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен6 Маусым 2023, 16:56