Жұма күні Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

Күні: 09:25, 31-10-2014.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады, солтүстігінде, шығысы мен орталығында – көбінесе қар жауып, көктайғақтанады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз кейде қар жауады, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 9-14м/с,  ауа температурасы күндіз +2+4 болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді, түнде тұман түседі, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+7.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жауын-шашынсыз, көктайғақ,  күндіз ауа температурасы +3+8. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ,  жауын-шашынсыз, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, 0+5. Ақмола облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, көктайғақ, 0+5. Павлодар облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0+5. Қарағанды облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, -2+3. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең тұман, жауын-шашынсыз, жолдарда көктайғақ, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0+5.
Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді, күндіз Жалаңашкөл ауданында15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с, ауа температурасы +3+8. Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде тұман, +1+6. Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді, күндіз +7+12. Қызылорда облысында жауын күтілмейді, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, +5+10.
Маңғыстау облысында жауын күтілмейді, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +5+10. Атырау және Ақтөбе облысында жауын күтілмейді, күндіз ауа температурасы сәйкесінше, +8+13 және +2+7 градус.
Батыс-Қазақстан облысында жауын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы +7+12.
Жақын күндері Батыс Алтай өзендерінде су деңгейі түсе бастайды. Өзен суларын реттеуге байланысты Сырдария, Ертіс өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.


Жаңалықтармен бөлісу: