Жұма күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатып, жел күшейеді

Күні: 09:35, 24-10-2014.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашындатып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақтанады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кейде қар аралас жауын жауады, тұман түсіп, көктайғақтанады, батыс-солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз 0 градус шамасында.
Алматыда ала бұлтты, түнде және таңертең жауын жауады, батыстан 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы +14+16.
Қостанай облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде тұман, көктайғақтанады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы, 0,-5.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде тұман, көктайғақтанады, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, -2-7 және -2+3. Павлодар облысының кей жерлерінде жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы күндіз +5+10.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жауын жауады, кей жерлерінде көктайғақтанады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы 0,+5. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жауын жауады, өңірдің кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, +7+12.
Алматы облысының кей жерлерінде жауын жауады, +13+18. Жамбыл облысында жауын күтілмейді, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз +14+19. Оңтүстік Қазақстан облысында жауын күтілмейді, +24. Қызылорда облыстарында аздап жауын жауады, +12+17.
Маңғыстау облысында, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан  облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, жауын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше, +10+15, 0,-5 және 0,-5 градус. Атырау облысында жауын жаумайды, 0,+5.
Жақын күндері оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығысының өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Ертіс өзенінде (Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының аумағында) және Сырдария өзенінде (Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының аумағында) аталған су қоймаларынан ағызатын суды реттеуге байланысты су деңгейі құбылып тұрады. Еліміздің солтүстігіндегі су қоймаларындағы су біртіндеп салқындай береді.


Жаңалықтармен бөлісу: