Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жоғары атмосфералық қысым алаңының және құрғақ оңтүстік циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстігінде, оңтүстік –шығысында, шығысы мен орталығында ғана Салехарда ауданынан келетін солтүстік-батыс циклонның ықалымен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел тұрады, солтүстігінде және солтүстік-батысында түнде және ертеңгісін тұман түседі, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, орталығында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 3-8м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз 22+24.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кешке қарай аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. солтүстік-шығыстан 3-8, найзағай ойнағанда екпіні 14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +22+24, күндіз +32+34.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кешке қарай өткінші жаңбыр жауады, найзағай. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады, найзағай кезінде екпіні 14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +22+24, күндіз +32+34.
Қарағанды облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +22+27, түнде +9+14.
Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +31+36, түнде +15+20.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +30+35, түнде +16+21
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +24+29, түнде +12+17.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз+25+30, түнде +12+17.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +21+26.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +11+16.
Қостанай облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +22+27, түнде +8+13.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін тұман түседі. Күндіз +16+21, түнде +5+10.
Жамбыл облысында төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +19+24.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр ажуады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауы, найзағай ойнайды, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +9+14.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +13+18.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +19+24, түнде +5+10.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +30+35, түнде +20+25
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +29+34, түнде +15+20
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.


adimage