Астана. 16 тамыз. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, жаңбыр жауады, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел тұрады, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, республиканың солтүстігінде түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +19+21, түнде +11+13.
Алматыда бұлтты, ертеңгісін және күндіз кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, батыстан 4-9 м/с жел тұрады, найзағай ойнағанда 15 м/с болады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +12+14.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +26+28, түнде +15+17.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қаупі күтіледі. Ауа температурасы күндіз +17+22, түнде +11+16.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде дауыл тұрады. Күндіз +19+24, түнде +8+13.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып. күн күркірейді, кей жерлерде тұман күтіледі, 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, батысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі күтіледі. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +25+30, түнде +10+15.
Қарағанды облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +18+23, түнде +8+13.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +12+17.
Түркістан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел тұрады, дауыл тұрады, шаңды дауыл соғады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +14+19.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде 15-25 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +22+27, түнде +12+17.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-25 м/с жел тұрады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +13+18.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі.. Күндіз +22+27, түнде +9+14.
Ақтөбе облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +10+15.
Маңғыстау облысында күндіз +27+32, түнде +15+20.
Атырау облысында күндіз +28+33, түнде +16+21.
Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз+27+32, түнде +13+18.
«Алдағы тәулікте ресубликаның оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі аздап құбылады. Алматы облысының таулы өзендерінде нөсер жаңбырдың жаууына байланысты су көлемі артады. Гидрологиялық режимде жазықтық аумақтардағы өзендерде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде
