Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

Күні: 09:33, 03-05-2019.

Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронталды бөліктер өтеді, жаңбыр сақталады. Кей жерлерде тұман, жел тұрады, күн күркірейді, дауыл, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +12+14.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Екпіні 2-7м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +6+8, күндіз +12+14.
Шымкентте бұлтты, 4-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +19+24, түнде +3+8.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз +12+17, түнде +4+9.
Атырау облысында басым бөлігінде шаңды дауыл тұрады, 17-22 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с болады.
Ақтөбе облысында жел тұрады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде +1+6.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз +23+28, түнде +14+19.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде +3+3 (оңтүстігінде+7).
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде +5+10.
Қостанай облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде 0+5.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +18+23, түнде +9+14.
Түркістан облысында түнде тауларда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +19+24, түнде +3+8 (топырақта -2).
Қызылорда облысында күндіз 15-20 м/с жел соғады. Күндіз +17+22, түнде +1+6.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+15, түнде -2+3.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз, Күндіз +10+15, түнде -2+3.
Павлодар облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +10+15, түнде 0-5.
«Алдағы тәулікте ШҚО жекелеген өзендерінде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында су деңгейі құбылып тұрады. Сергевский су қоймасының төменгі жағындағы Есіл өзенінде су деңгейінің жоғары белгісі сақталады. Қорғалжын ауылындағы Нұра өзенінде су деңгейінің ары қарай көтерілуі сақталады. Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде Көктөбе СҚ бөлігінде су көлемінің ары қарай көтерілуі күтіледі, сонымен қатар Шардара су қоймаларынан судың келуіне орай су көлемінің артуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады, көбіне төмендейді»,- деп ескертті синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: