Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, бұрқасын соғады», - делінген хабарда
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, түнде және ертеңгісін аздаған қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -17-19, күндіз -15-17.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде 0 шамасында.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан 8-13 м/с жел солтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде -1+1.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын соғады, күндіз 15-20 м/с жел күшейеді. Күндіз -13-18. Түнде -16-21.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -7-12 (оңтүстігінде 0), түнде -13-18.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі, бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -8-13.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -3+2.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -4+1.
Түркістан облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде -2+3
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде +1+6.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +1+6, түнде -3+2.
Ақтөбе облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -12-17.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +1+6, түнде -3+2.
Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады. Күндіз +10+15, түнде +12+17.
«Алдағы күндері республиканың таулы өзендерінде су көлемінің құбылуы байқалады. Республиканың солтүстік жартысындағы өзендерде су бетінің салқындауы жалғасады және мұз қату күшейеді», - дейді синоптиктер

adimage