Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Күні: 09:32, 12-04-2019.

Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, жел тұрады. Күн күркірейді, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +16+18.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады, тұман түседі. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +17+19.
Шымкентте бұлтты, 9 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +10+12.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
Атырау облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +7+12.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде жаңбыр жауады, кей жерлерде тұм ан түседі. Күндіз +17+22, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20+25, (жағалауда +10+15), түнде +8+13.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +12+17, түнде 0-5.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
Павлодар облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +13+18, түнде -3+2.
Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +20+25, түнде +9+14.
Қараанды облысында кей жерлерде бұршақ жауады. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
Алматы облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +16+21, түнде +7+12.
Қызылорда облысында түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз +22+27, түнде +7+12.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз +20+25, түнде +2+7.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +15+20, түнде 0+5.
Қостанай облысында да жауын-шашынсыз. Күндіз +14+19, түнде -2+3.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +15+20, түнде -2+3.
«Алдағы тәулікте Солтүстік Қазақстан және БҚО өзендерінде көктемгі сел толқыны, мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар жалғасады. Покровка ауылы-Долматово ауылы маңындағы Есіл өзенінің бөлігінде су деңгейінің ары қарай көтерілуі мүмкін. Жылымық ауа райының болжануына орай ШҚО өзендерінде мұз құбалыстарының ары қарай әлсіреуі, жергілікті және беткейлік ағындардың қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында су деңгейі құбылып тұрады», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: