Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райыны циклон анықтайтын болады, және соған байланысты фронталдық бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с болады, күндіз +13+15. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, 3-8 м/с жел тұрады, +20+22.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде, күндіз республиканың басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, +10+15.    
Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақсанда, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарында  кей жерлерде жаңбыр жауады, 15-22 м/с жел тұрады, Алматы облысында шаңды дауыл соғады, Қостанай облысында – кей жерлерде тұман, сәйкесінше, +17+22, +19+24, +10+15, +13+18, +18+23, +22+27, +20+25.
Солтүстік  Қазақстан облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 жел тұрады, күндіз екпіні 25 м/с, бұршақ жаууы мүмкін,  +12+17.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауады,сәйкесінше, +19+24, +22+27, +16+21.
Батыс Қазақстан облысында күн ашық, жауын-шашынсыз,   +17+22.
Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді,    +17+22.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.

adimage