Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Биік қолаттардың ықпалынан Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, тек оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, ертеңгісін және күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады, күндіз күн күркірегенде екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +18+20.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31, түнде +18+20.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +20+22.
Ақмола облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +17+22.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жауады. Күндіз +27+32, түнде +12+17.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +25+30 (оңтүстігінде +33), түнде +12+17 (оңтүстігінде +21).
Алматы облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +15+20.
Түркістан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +32+37, түнде +20+25.
Павлодар облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +28+33, түнде +16+21.
Жамбыл облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33, түнде +18+23.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +31+36, түнде +17+22.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +29+34, түнде +17+22.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, күндіз қатты ыстық күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +33+38, түнде +23+28.
Атырау облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, күн ысиды, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +22+27.
Қызылорда облысында өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +21+26.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, күндіз қатты ыссы болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +33+38, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, қатты ыссы болады. Күндіз +34+39 (оңтүстігінде +42), түнде +18+23 (оңтүстігінде +26).
«Алдағы тәулікте жаңбыр болады деп болжануына байланысты республиканың шығысында су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер

adimage