Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:03, 11-01-2019.

Астана. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғысынша атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, тек республиканың жекелеген аудандарында ғана жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктн 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -14-16, түнде -23-25.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -4-6.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, екпіні 3 м/с дейін жел тұрады. Күндіз +8+10, түнде 0-2.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с дейін жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 0+5, түнде 0-5.
Түркістан облысында жауын-шашын күтіледі, күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын түседі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз және түнде 0+5.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -2+3, түнде -1-6.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде – 13-18.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде төменнен сырма соғады, тұман, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -10-15, түнде -22-27.
Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Қызылорда облысында жолдарда көктайғақ. Күндіз -5-10, түнде – 12-17.
Маңғыстау облысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі және көктайғақ. Күндіз -0+5, түнде 0-5.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -4-9 түнде -13-18.
Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -12-17, түнде -20-25.
Батыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -10-15, түнде -17-22.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -8-13, түнде -20-25.
Қостанай облысында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -25-30.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -15-20, түнде -22-27.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -10-15 (оңтүстігінде -5), түнде -18-23 (оңтүстігінде -13).
«Алдағы тәулікте Түркістан облысының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі, оңтүстік - шығыстағы өзендерде мұз қату үрдісінің әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: