Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Күні: 09:31, 26-07-2019.

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігінде кей жерлерде тұман түседі», - деп хабарлады синоптиктер.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.   Солтүстік –шығыстан, солтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +22+24.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.   0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +31+33, түнде +19+21.

Шымкентте бұлтты,   4-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +19+21

«Атырауда, Қарағандыда, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жауады. Маңғыстауда, Ақтөбеде, күндіз Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі.   Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз найзағай болғанда 18 м/с жел тұрады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл тұрады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және ертеңгісін тұман түседі», - деді «Қазгидрометтен».

Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырауда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

«Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматыда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады», - деді синоптиктер. 

 


Жаңалықтармен бөлісу: