Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашын күтіледі

Күні: 09:19, 30-11-2018.

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді фронталдық әрекет аумағында болады, жауын-шашын түседі, кей жерлерде қатты, екпінді жел сақталады, солтүстігінде бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ», - делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде жне ертеңгісін   қар жауады, көктайғақ. Түман, бұрқасын. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрып, түнде екпіні 15-20 метр секунд болады.   Ауа температурасы түнде және күндіз -16-18, күндіз төмендей береді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, көктайғақ. 3-8  м/с жел тұрады. Күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +9+11.
Шымкентте бұлтты, күндіз және түнде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады,   екпіні 6-14 м/с жел тұрады. Күндіз +6+8,түнде 0+2.
Жамбыл облысында кей жерлерде 15-20 метр/секунд жел тұрады, екпіні 23-28 метр/ секундқа жетеді, ккей жерлерде 30 м/с және одан жоғарыболуы мүмкін,   кей жерлерде тқман, көктайғақ, бұрқасын.    Күндіз +12+17, түнде +1+6.
Шығыс Қазақстан облысында   15-20 метр/секунд жел тұрады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кпіні 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ.  Түнде және күндіз -3+2.
Қарағанды облысында   15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерде  30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін, кей жерлерде бұрқасын соғады.  Түнде және күндіз -10-15.
Түркістан облысында   кей жерлерде 15-20 м/с жл тұрады, түнде және күндіз 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, күндзі көктайғақ, бұрқасын. Түнде және күндіз +4+9.
Алматы облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады,түнде кей жерлреде тұман, күндіз кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ. Күндіз +6+11, түнде -2+3.
Ақмола облысында 15-20 м/с жел күтіледі, түнде екпні 25 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын. Күндіз -13-18, түнде -15-20.
Қостанай облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,  тұман, төменнен сырма соғады.  . Күндіз -10-15, түнде -20-25.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 метр/секунд жел тұрады, тұман, төменнен сырма соғады. Күндіз -14-19, түнде -17-22.
Қызылорда облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады,  көктайғақ, тұман.   Күндіз және түнде -2-7.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -13-18, түнде -19-24.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.  Күндіз -11-16,  түнде -17-22, облыстың оңтүстік-шығысында түнде -10.
Павлодар облысында бұрқасын соғады, кей жерлерде көктайғақ. Күндіз және түнде -10-15.
Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -3-8.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, күндіз -13-18, түнде -19-24.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде жауын-шашын салдарынан су деңгейінің көтерілуі күтіледі, мұз қату құбылысы әлсірейді, сең жүруі мүмкін. Солтүстіктегі  жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай күшейеді», - деп ескертеді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: