Жұма күні Қазақстанның басым облыстарында қарлы ауа райы күтіледі

Күні: 09:18, 01-02-2019.

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым облысында қарлы ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым облысында қар жауады, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерде қалың қар жауады, тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Карск теңізі ауданынан салқын ауа массаларының келуіне байланысты республиканың солтүстік аудандарында ауа темературасының төмендеуі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман сақталады, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрып, ол оңтү тік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы түнде -29-31, күндіз -19-21.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін қар жауады, тұман түседі. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз -2-4
Шымкентте құбылмалы бұлтты, 2-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде -3-5.
Жамбыл облысында түнде қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0-5, түнде -5-10.
Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады деп күтілуде, кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз және түнде -12-17.
Алматы облысында қалың қар жауады, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с. Күндіз -2-7, түнде -5-10 (солтүстігінде -21).
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +3+8, түнде -3-8.
Ақмола облысында күндіз аздаған қар жауады, тұман түседі, күндіз кей жерлерде төменнен сырма соғады. Түнде кей жерлерде қатты аяз күтіледі. Күндіз -19-24, түнде -27-32.
Қостанайда кей жерлерде күндіз аздаған қар жауады, тұман күтіледі, ертеңгісін және күндіз бұрқасын. Күндіз -10-15, түнде -20-25.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде аздаған қар жауады, бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -17-22, түнде -22-27.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде қар, бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. түнде кей жерлерде қатты аяз болады. Күндіз -25-30, түнде -27-32.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады, кей жерлерде тұман, ертеңгісін және күндіз бұрқасын, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. түнде кей жерлерде қатты аяз күтіледі. Күндіз -16-21, түнде -27-32.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 2-7 (оңтүстігінде -4), түнде -7-12.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0+5, түнде -2+3.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -10-15, түнде -15-20.
Атырау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -8-13, түнде -17-22..
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: